Бизнесті реттеу департаменті
Департаменттің негізгі функционалдық міндеттері:
1. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау бойынша ҰКП қызметіне қатысу;
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
3. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруға қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға жәрдемдесу;
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҰКП-ның ішкі құжаттарында көзделген өзге де міндеттер.
Департамент қызметінің негізгі бағыттары:
• Кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерінің тізілімін жүргізу;
• Бизнестің өңірлік проблемаларын шешу бойынша жұмысты бақылау және жүргізу;
• Нормативтік құқықтық актілердің реттеушілік әсеріне талдауды енгізу;
• Кәсіпкерлік саласында жаңа реттеу саясатын енгізу;
• Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру;
• Қазақстанның рұқсат беру жүйесін талдау;
• Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына талдауды жүзеге асыру;
• Бизнес-әріптестердің тізілімін енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;
• Заңнамалық актілерге және заң актілерінің жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жекелеген салалардағы әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
• Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу;
• Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
• ҰКП құрылымдық бөлімшелері мен аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды), өзін-өзі реттейтін ұйымдарды өзін-өзі реттеуді дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға беру мәселелері бойынша үйлестіру;
• Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық рейтингтердегі орнын жақсарту және үйлестіру;
• Орталық мемлекеттік органдардың жанында кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша құрылатын консультативтік-кеңесші органдардың, жұмыс топтарының және сарапшылар кеңестерінің жұмысына қатысу;
• Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, ұлттық корпоративтік басқару және тұрақты даму стандарттарын әзірлеу және енгізу;
• «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін және «Сыбайлас жемқорлық бойынша арнайы шолу» социологиялық зерттеулерін жүргізу.