Қаржы секторы департаменті
Қаржы секторы департаменті (ары қарай – Департамент) «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі.
Департамент өзіне жүктелген міндеттер мен мәселелер бойынша барлық кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар бірлестіктері, ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүргізеді.
Қызметтегі негізгі бағыттар:
- қаржы секторы (банк, сақтандыру және қор нарығы);
- бизнесті мемлекеттік қолдаудың қаржы мәселелері;
- сараптамалық есеп талдауы мен жиынтығы;
- инвестициялық саясат.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдерін қарау;
- субъектілердің құқықтары мен заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау мәселелері бойынша нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу;
- ҰКП Төралқасы жанындағы Қаржы секторы комитетінің хатшылығы функциясын іске асыру;
- құрылымдық бөлімше қызметінің мәселелері бойынша құзыреті шеңберінде қызметті әдіснамалық және талдамалық қамтамасыз ету.