Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары
Кәсіпкерлерді қолдау ортылығы «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, орталықтың мамандары кәсіпкерлерге кеңес беріп, бизнесті қолдайтын барлық мемлекеттік бағдарламаларды ұсынып, оқытып, жобаларын сүйемелдейді.
Палата қызметкерлері келесі қызметтерді кәсіпкерлерге тегін көрсетеді:
- Бизнесті ашу, жүргізу, жабу және де басқа құқықтық мәселелер;
- Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламарына (БЖК-2020, Жұмыспен қамту-2020, Агробизнес, Экспортер-2020,Өнімділік-2020) қатысу үшін құжаттарды дайындау;
- Қаржы институттарының шарттарын түсіндіру жұмыстары;
- Салық және статистикалық есептілікті өткізу;
- Бизнес-жоспар жазу, менеджмент бойынша көмек көрсету;
- Бастаушы және әрекеттегі кәсіпкерлерді оқыту.
Қазіргі таңда ОҚО-ң барлық аудандары мен қалаларында 14 Кәсіпкерлерді қолдау ортылығы ашылған.Аталған орталықтарда Кәсіпкерлер палатасының, архитектура, құрылыс, кәсіпкерлік бөлімдерінің және қаржы институттарының мамандары отырады.
Осы жылдың басынан бастап аталған орталықтарындағы Палата консультанттары 6222 кіші және орта бизнес өкілдеріне әр түрлі қызмет түрлерін көрсетті.Қызметтер саны - 14401. Сонымен қатар, Палата қызметкерлерінің көмегімен «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту -2020» және «Агробизнес-2020» бағдарламаларының аясында 192 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды»